Негізгі / Kolekcja kolorów

Kolekcja kolorów

Lalbero bianco – Ақ емен

Күңгірт аппақ түпқойма мен еменнің құрылымындағы сұр-қоңыр өзектердің табиғи үйлесімі интерьерді ашып, терезе кеңістігіне жеңілдік сыйлайды. 

Lalbero dell'oro – Алтын емен

Lalbero dell'oro декоры алтын еменнің тамаша боямасы, интерьерге айрықша сән мен мәрттік сыйлайды. 

Lalbero Bruno – Қошқыл емен

Lalbero Bruno декорындағы қошқыл еменнің қанық реңкі мен тамаша жеткізілген құрылымы тұрақтылық және жайлылық жағдайын жасайды.

Marmor Classico – Cұр мәрмәр

Классикалық сұр мәрмәр қолданыста әмбабап, бекзат және ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.

Lalbero Classico – Ашық емен

Lalbero Classico декоры ашық еменнің жұмсақ табиғи реңктерімен және табиғи фактурасымен таң қалдырады.

Wenge – Венге

Wenge декоры интерьерде қарама-қарсы басымдықтарды құру үшін мінсіз сай келеді. Бұл – дизайндағы ең соңғы үрдістердің бірі. 

Lalbero Classico – Ашық емен

Lalbero Classico декоры ашық еменнің жұмсақ табиғи реңктерімен және табиғи фактурасымен таң қалдырады.

Creme de Turque – Ашық-тоқ сары мәрмәр

Түрік мәрмәрінің жылы кремді реңктері мен жіңішке суреті эстетика талғампаздарын бейжай қалдырмайды.

Onyx – Қызғылт оникс

Қайталанбас қызғылт Onyx интерьерге балғындық пен талғампаздық сыйлайды. Декор осы әдемі тастың салтанатты құрылымын дәл қайталайды. 

Lucido Bianko – Ақ жылтыр

Беткі қабаты жылтыр жібектей құрылымда жасалған классикалық ақ түс кез келген интерьердің оңтайлы шешімі.

Mahagony – Қызыл ағаш

Қызыл ағаш әрқашан байлық пен астамшылдықтың нысаны болатын. Жылтыр құрылым Mahagony декорының байсалдылығын одан артық айқындайды.



Назар аударыңыз! DANKE СБ терезе алды тақтайларын пайдалану ережелерімен және кепілдік беру шарттарымен танысып шығыңыз. 

Сіз білесіз бе?

САПАЛЫ терезе алды тақтайын таңдаудың 8 себебі:

Үйреншікті болғаны соншалық, біз оны белгілі бір уақытқа дейін тіпті елемейміз… Көзге еленбейтіні соншалық, пердені ашпағанша ол туралы ойламаймыз да… Ыңғайлы болғаны соншалық, онсыз үйде елестету мүмкін емес… Терезе алды тақтайы интерьерде маңызды рөл ойнайды, сондықтан сапалы болуы тиіс.

Zalety parapetów Danke

ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК:

DANKE терезе алды тақтайларының акрил қабатының құрамында — форимальдегид — пластмасса мен АЖҚ (ДСП) міндетті құрамдас бөлігі болып табылатын қауіпті канцероген зат жоқ.  


СЫЗАТТАРҒА АСА ЖОҒАРЫ ТӨЗІМДІЛІК:

DANKE терезе алды тақтайлары жылтыр қабаты ұзақ жылдарға мінсіз жылтырлығы мен тегістігін сақтайды. Оны гүл құмыралары мен әдетте, терезенің сәнін келтіретін интерьер заттары зақымдамайды.  


ТАМАША ЖЫЛУСАҚТАҒЫШТЫҚ:

терезе алды тақтайының қабаты ыстық ыдыспен қысқауақыттық жанасу кезінде зақымдалмайды.  


СТИЛЬДІ ДЕКОРЛАРДЫҢ КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАҢДАУЫ:

DANKE терезе алды тақтайлары декорларының топтамасы интерьерлік сәннің заманауи үрдістерінің ескерілуімен әзірленеді. Мұнда ықшам және қарапайым ақ тақтайлардан бастап мәрмәр мен ағаштардың бағалы түрлеріне ұқсатып жасалғандарына дейін кез келген стиль мен түс шешімдеріне арналған декорлар бар.  


БУ МЕН ЫЛҒАЛҒА ТӨЗІМДІЛІК:

ағаш және АЖҚ (ДСП) терезе алды тақтайларына қарағанда, DANKE терезе алды тақтайлары ылғал мен дымнан қорықпайды. Олардың беті тіпті су төгілген жағдайдың өзінде қабатталмайды және көтеріліп ісінбейді.  


ПАЙДАЛАНУ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ МЕН КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖЕҢІЛДІГІ:

беті кедір-бұдыр қарапайым терезе алды тақтайларына қарағанда, DANKE тегіс акрил қабаты шаң-тозаңға толатын саңылаулары жоқ. Сондықтан оған күтім көрсету тазарту құралдарын қолдануды қажет етпейді және санаулы секундтарды алады. 


ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНЕН ДАҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІНЕ ТӨЗІМДІЛІК:

төгілген кофе немесе шараптың іздері еш қиындықсыз кетеді. Сонымен қатар, айрықша беткі қабаты кез келген жуу құралдарына, соның ішінде құрамында қышқыл бар құралдарға төзімді.  


БІРЕГЕЙ ПАТЕНТТЕЛГЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІ:

DANKE терезе алды тақтайларының үстіне, мысалға терезе жуу кезінде, оның зақымдалунан, майысуынан немесе сызат түсуінен қорықпай шығуға болады.   


ТҮПҚОЙМАНЫҢ БЕРІКТІГІ:

пластик тақтайдың құрамында сапалы импортталған шикізат пайдаланылады.


ТЕМЕКІНІҢ ЫСТЫҚ КҮЛІНЕ ТӨЗІМДІЛІК:

тіпті кездейсоқ түскен темекі тақтайдың бетін зақымдамайды және оның әдемі беткі қабатын бұзбайды.