Негізгі / Kolekcja kolorów / DANKE TM parapetów Lalbero bianco – Ақ емен

DANKE TM Lalbero bianco – Ақ емен

Күңгірт аппақ түпқойма мен еменнің құрылымындағы сұр-қоңыр өзектердің табиғи үйлесімі интерьерді ашып, терезе кеңістігіне жеңілдік сыйлайды. Ақ ағаш нәзік әдемілігімен және бояулардың табиғилығымен баурайды. Бұл DANKE СБ топтамасының ақ декорына тамаша балама: ондағы таза ақ түс табиғи ағаштың суретінің жылулығымен әсемделген.

Zalety parapetów Danke

ТҮПҚОЙМАНЫҢ БЕРІКТІГІ:

пластик тақтайдың құрамында сапалы импортталған шикізат пайдаланылады.

ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК:

DANKE терезе алды тақтайларының акрил қабатының құрамында — форимальдегид — пластмасса мен АЖҚ (ДСП) міндетті құрамдас бөлігі болып табылатын қауіпті канцероген зат жоқ.  

ПАЙДАЛАНУ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ МЕН КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖЕҢІЛДІГІ:

беті кедір-бұдыр қарапайым терезе алды тақтайларына қарағанда, DANKE тегіс акрил қабаты шаң-тозаңға толатын саңылаулары жоқ. Сондықтан оған күтім көрсету тазарту құралдарын қолдануды қажет етпейді және санаулы секундтарды алады. 

СТИЛЬДІ ДЕКОРЛАРДЫҢ КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАҢДАУЫ:

DANKE терезе алды тақтайлары декорларының топтамасы интерьерлік сәннің заманауи үрдістерінің ескерілуімен әзірленеді. Мұнда ықшам және қарапайым ақ тақтайлардан бастап мәрмәр мен ағаштардың бағалы түрлеріне ұқсатып жасалғандарына дейін кез келген стиль мен түс шешімдеріне арналған декорлар бар.   

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНЕН ДАҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІНЕ ТӨЗІМДІЛІК:

төгілген кофе немесе шараптың іздері еш қиындықсыз кетеді. Сонымен қатар, айрықша беткі қабаты кез келген жуу құралдарына, соның ішінде құрамында қышқыл бар құралдарға төзімді.  

ТЕМЕКІНІҢ ЫСТЫҚ КҮЛІНЕ ТӨЗІМДІЛІК:

тіпті кездейсоқ түскен темекі тақтайдың бетін зақымдамайды және оның әдемі беткі қабатын бұзбайды.

Inne modele parapety:

Mahagony – Қызыл ағаш

Қызыл ағаш әрқашан байлық пен астамшылдықтың нысаны болатын. Жылтыр құрылым Mahagony декорының байсалдылығын одан артық айқындайды.

Lalbero Classico – Ашық емен

Lalbero Classico декоры ашық еменнің жұмсақ табиғи реңктерімен және табиғи фактурасымен таң қалдырады.

Marmor Classico – Cұр мәрмәр

Классикалық сұр мәрмәр қолданыста әмбабап, бекзат және ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.