DANKE TM Wenge – Венге
Wenge декоры интерьерде қарама-қарсы басымдықтарды құру үшін мінсіз сай келеді. Бұл – дизайндағы ең соңғы үрдістердің бірі. Wenge декоры бағалы африкалық ағаштың түсі мен құрылымын дәл көшіреді. Ол интерьерлерді тамаша күңгірттендіріп, кремді-тоқ сары және шоколад түсті бояулармен өңделген интерьерлерді толықтырады.

Zalety parapetów Danke

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНЕН ДАҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІНЕ ТӨЗІМДІЛІК:
төгілген кофе немесе шараптың іздері еш қиындықсыз кетеді. Сонымен қатар, айрықша беткі қабаты кез келген жуу құралдарына, соның ішінде құрамында қышқыл бар құралдарға төзімді.

СТИЛЬДІ ДЕКОРЛАРДЫҢ КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАҢДАУЫ:
DANKE терезе алды тақтайлары декорларының топтамасы интерьерлік сәннің заманауи үрдістерінің ескерілуімен әзірленеді. Мұнда ықшам және қарапайым ақ тақтайлардан бастап мәрмәр мен ағаштардың бағалы түрлеріне ұқсатып жасалғандарына дейін кез келген стиль мен түс шешімдеріне арналған декорлар бар.

ПАЙДАЛАНУ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ МЕН КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖЕҢІЛДІГІ:
беті кедір-бұдыр қарапайым терезе алды тақтайларына қарағанда, DANKE тегіс акрил қабаты шаң-тозаңға толатын саңылаулары жоқ. Сондықтан оған күтім көрсету тазарту құралдарын қолдануды қажет етпейді және санаулы секундтарды алады.

БІРЕГЕЙ ПАТЕНТТЕЛГЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІ:
DANKE терезе алды тақтайларының үстіне, мысалға терезе жуу кезінде, оның зақымдалунан, майысуынан немесе сызат түсуінен қорықпай шығуға болады.

ТЕМЕКІНІҢ ЫСТЫҚ КҮЛІНЕ ТӨЗІМДІЛІК:
тіпті кездейсоқ түскен темекі тақтайдың бетін зақымдамайды және оның әдемі беткі қабатын бұзбайды.

ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК:
DANKE терезе алды тақтайларының акрил қабатының құрамында - форимальдегид - пластмасса мен АЖҚ (ДСП) міндетті құрамдас бөлігі болып табылатын қауіпті канцероген зат жоқ.
