Негізгі / Кепілдік

Кепілдік

Құрметті сатып алушылар!

DANKE СБ терезе алды тақтайларын дайындаушы-кәсіпорын Сіздің таңдауыңыз үшін өз алғысын білдіреді! Сіз жоғарысапалы өнім – тамаша тұтынушылық қасиеттерге ие жылтыр акрил қабаты бар пластик терезе алды тақтайын сатып алдыңыз.

ИЗ «Клинценбау» бұйымды монтаждау мен пайдалану ережелері сақталған жағдайда, DANKE СБ терезе алды тақтайына оны орнатқаннан күннен бастап 10 жылғ кепілдік береді.

Алайда, DANKE терезе алды тақтайларының еуропалық сапасы мен сенімділігін ескеретін болсақ, оларды іс жүзіндегі пайдалану мерзімі кепілдік мерзімінен әлдеқайда ұзақ болуы мүмкін.

Терезе алды тақтайын орнату алдында монтаждау ережелерімен мұқият танысыңыз.

 

Монтаждау ережелері:

1. Терезе алды тақтайын орнатудың алдында терезе алды тақтайының өлшемдеріне сәйкес және монтаждау көпіршіші үшін шамамен 20 мм артығымен алаңды тазартып, орнын дайындау қажет.

2. Терезе алды тақтайына арнайы тығындар кигізіп, терезенің астына кіргізіңіз.

3. Терезе алды тақтайы терезе қорабына тығыз және саңылаусыз жанасуы тиіс. Ол салмақ түсетін тірек бағандары орнатылады. Қосымша бекітуді бекіткіш қапсырмаларды пайдаланып, түпқоймалық профиль жағынан қамтамасыз етуге болады. Олар орнатылатын терезе алды тақтайының қалыңдығына және қолданылатын профильдер жүйесіне қарай таңдап алынады. (1 суретті қараңыз).  

Қапсырмалардың арасындағы кеңес берілетін қашықтық – 500 мм дейін, терезе алды тақтайының шеттерінен шегініс 250 мм артық болмауы тиіс. Бұрандалар мен өздігінен тескіш шегелер алдын ала орнын тескеннен кейін ғана пайдаланылады.

4. Жылыту аспаптарына (батареяларға) дейінгі кеңес берілетін алшақтық – 100 мм. әйнектен ағатын ылғал радиаторға қарай ағуы үшін, терезе алды тақтайы шет жаққа және бұрышқа қарай еңіс бойынша 4-5 мм еңіспен орнатылуы тиіс.

5. Терезе алды тақтайының төменгі жағындағы саңылаулар оны цемент түпқоймаға немесе монтаждау көпіршігінен жасалған түпқоймаға монтаждауға мүмкіндік береді. Көпіршікті пайдалану кезінде терезе алды тақтайының бүкіл периметрі бойынша түйіскен жерлерінің будан оқшаулануын қамтамасыз ету қажет. МОНТАЖДАУ КӨПІРШІГІНІҢ ҮСТІНЕ ОРНАТУ КЕЗІНДЕ ТЕРЕЗЕ АЛДЫ ТАҚТАЙЫНЫҢ ҮСТІН БАСУ ҮШІН ШЫНЫ ЖӘНЕ ПЛАСТИК ҚҰТЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! 

                                а) суреті монтаждау көпіршігіне                                                      б) суреті тірек бағандарына

6. Терезе алды тақтайының максималды жол берілетін шығыңқы жері – 300 мм. Алайда 100 мм артық шығарылған жағдайда, 500 мм кем емес қадаммен салмақ түсетін бұрыштарды орнату қажет. Терезе алды тақтайының шеттерінен шегініс 250 мм аспауы тиіс. Бұл ретте, мұнда й орнатудың жылы ауа қозғалысының шарттарының бұзылуына алып келуі және әйнектердің ішкі бетіндегі конденсаттың түзілуін тудыруы мүмкін екендігін есіңізден шығармаңыз.

7. Орнатылатын бір терезе алды тақтайының максималды ұзындығы – 3000 мм құрайды. Екі терезе алды тақтайын орнату қажет болған жағдайд, олардың арасында 4-5 мм жылу саңылауын қамтамасыз ету қажет.

8. ҚОРҒАУ ҮЛДІРІ БАРЛЫҚ МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (СЫЛАУ, БІТЕУ, ТҮСҚАҒАЗ ЖАПСЫРУ) ЖҮРГІЗІЛУІНЕН КЕЙІН ҒАНА АЛЫНАДЫ.  

 

 

DANKE СБ терезе алды тақтайы Сізге ұзақ жылдар бойы сенімді қызмет етіп, көрнекі сыртқы келбетін сақтап қалу үшін, Бұйымды пайдалану ережелерімен мұқият танысып, оларды сақтауды өтінеміз.  

 

DANKE СБ терезе алды тақтайларын пайдалану ережелері:

1. DANKE СБ терезе алды тақтайлары ауа температурасы 60ᵒС жоғары емес және ылғалдылығы 75% артық емес жайлардың ішінде ғана пайдалануға арналған

2. Пайдалану үдерісінде терезе алды тақтайының соғылуына жол бермеңіз.

3. Терезе алды тақтайын шанышатын және кесетін заттармен ықпал етпеңіз.

4. Терезе алды тақтайының үстіне қыздыру нмеесе жылыту аспаптарын қоймаңыз

5. Терезе ойығының әйнегінде және терезе алды тақтайына орнатылған жағдайда – су құйылған сауытта (кулер, шыны құтылар және т.б.) конденсацияланған ылғалдың түзілуіне жол бермеңіз. Терезе алды тақтайына аққан су біраз уақыт ішінде терезенің бетінде нүктелік желпінуді тудыруы мүмкін.

6. Құрылымы кеуекті, саздан жасалған гүл сауыттарды тікелей терезенің алдына қоймаңыз. Беті жылтырлатылған түпқоймаларды немесе шағын тәрелкелерді пайдаланыңыз.

7. Терезе алды тақтайын тазарту үшін құрамында абразивті бөлшектер бар жуу құралдарын пайдаланбаңыз.

8. Түпқоймаға ұзақуақыт бойы тікелей күн сәулелерінің түсуіне жол бермеңіз. Әдеттегі, әйнек ультракүлгінді ұстап қалады. Алайда, егер терезе ұзақуақыт бойы ашық қалса, тікелей ультракүлгін сәулелер терезе алды тақтайының түсі мен бүтіндігінің жоғалуына алып келуі мүмкін.

 

Кепілдік шарттары мен қағидалары:

1. Бұйым ақаулы танылған жағдайда, ал оның ақаулары өндірушінің кінәсінен туындаған жағдайда, DANKE СБ терезе алды тақтайларын дайындаушы-кәсіпорын ИЗ «Клинценбау» кепілдік міндеттемелері ауыстыруды немесе қаржылық өтемді көздейді.  

2. Кепілдік міндеттемелерін іске асыру үшін, Дайындаушы-зауыттың уәкілетті өкіліне бұйымды орнату жерінде бұйымға инспекция жүргізу мүмкіндігі берілуі тиіс.

3. Дайындаушы-кәсіпорынмен кепілдікті танылған жағдайларда, өтем ретінде ИЗ «Клинценбау» балама декор мен өлшемдегі жаңа терезе алды тақтайын тегін ұсынады немесе егер осындай өтем сомасы терезе алды тақтайының бастапқы құнынан артық болмаса, оның құнын өтейді.         

 

Бұл кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз:

  • DANKE СБ терезе алды тақтайларын Монтаждау ережелері және Пайдалану ережелері сақталмаған жағдайда, сондай-ақ сатып алушының немесе үшінші тұлғалардың қасақан және абайсыз әрекеттері,
  • механикалық зақымдалуларға немесе конструкция құрылымының біртұтастығының бұзылуына алып келген бұйымды ұқыпсыз пайдалану;
  • кепілдік мерзімінің аяқталуы;
  • терезе алды тақтайы дайындаушы-кәсіпорынның өкілі инспекция жүргізген сәтке дейін демонтаждалған жағдайда.

 

DANKE СБ терезе алды тақтайларын пайдаланумен байланысты сұрақтар мен мәселелер туындаған жағдайда, мына электрондық пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: news@danke.com.ua