Негізгі / САПАЛЫ терезе алды тақтайын таңдаудың 8 себебі:

САПАЛЫ терезе алды тақтайын таңдаудың 8 себебі:

Үйреншікті болғаны соншалық, біз оны белгілі бір уақытқа дейін тіпті елемейміз…

Көзге еленбейтіні соншалық, пердені ашпағанша ол туралы ойламаймыз да…

Ыңғайлы болғаны соншалық, онсыз үйде елестету мүмкін емес…

Терезе алды тақтайы интерьерде маңызды рөл ойнайды, сондықтан сапалы болуы тиіс.


 

Сіздің үйіңіздің жылуы
Терезе алды тақтайының арқасында терезенің жанында ауа қабаты түзіледі. Ал бұл – жылуды сақтау өте маңызды. Терезе жүйесінің техникалық элементі ретінде терезе алды тақтайы жылуалмасуды реттейді, яғни салқын ауаның бөлме ішінуі кіруіне, ал жылы ауаның керісінше – бөлмеден шығуына жол бермейді.

Пайдалы аудан
Терезе алды тақтайы – диван, жұмыс үстелі, кітап сөресі және тіпті шұңғылшасы кірістірілген үстелше… Аздаған қиял, ептілік пен инженерлік ойыңыз болса, терезе жарағының көмегімен шағын пәтердің пайдалы ауданын айтарлықтай кеңестікті кеңейтуге және интерьерге бірегейлік сыйлайды.

Эстетика және кеңістіктің үйлесімі
Терезе алды тақтайы терезенің жиектемесі мен қабырғаның қалыңдығының арасындағы айырмашылықты көрнекі түрде жасыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ батарея орнатылатын терезенің астындағы ойықтың үстіне жабады. Ол ішкі кеңістіктен сыртқыға баяу көшуді қамтамасыз етеді. Терезе алды тақтайынсыз терезе толық емес күйде болады. Сол себепті, қарапайым адам үшін елеусіз көрінетін бөлшектерге сәулетшілер мен дизайнерлер айрықша көңіл бөледі.


 

Сенімді тірек
Терезе алды тақтайы үй шаруасындағы әйелдерге терезені жуу мен перделерді ілу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Әрине, ол сапалы және дұрыс орнатылуы тиіс. Терезе алды тақтайын таңдау кезінде: ол берік және ересек адамның салмағын көтере алатындай болуы тиіс.

Стиль және әдемілік
Көп жағдайда терезенің түрін терезе алды тақтай сияқты үйреншікті аксессуар анықтайды. Ол терезенің бейтарап жалғасына айналуы мүмкін және бірегей интерьердің айқын екпіні бола алады. Кез келген жағдайда, сапалы әдемі терезе алды тақтайы үй иелерінің талғамы мен мәртебесін көрсетеді.

Жасыл оранжерея
Терезе алды тақтайының үстінде шулы қаладағы өзіңіздің шағын гүлді көгалыңызды құра аласыз. Ол көктемде көшеттерді өсіруге арналған алаңға, жыл бойғы шағын көкөніс бақшасы бола алады немесе бізді бөлме өсімдіктердің көптүрлілігімен қуанта алады.

Ой толғанту мен армандауға арналған сүйікті жер
Сіздің миялауған сүйікті үй жануарыңыз қай жерде жиі отырады? Әлемді тани бастаған қызыққұмар балақай қай жерге шығып алуға тырысады? Қай жерде хош иісті кофе ішіп, өткен-кеткенді ойлап отыруды ұнатасыз? Әрине, бұл – терезенің алды. Ол өз-өзімен қалып, шешім қабылдағысы немесе жай ғана армандағысы келетін барлық адамдар үшін айрықша тарту күшіне ие.

Бәріміз де өзіміздің сыртқы келбетіміздің ұқыптылығын ойлаймыз! Аяқ киім, сөмке, белдік, сағатты мұқият таңдап, әдемі аксессуарлардың әсемдік сыйлап, сыртқы келбетімізге айрықша сән беретінін білеміз. Пәтеріміздің немесе үйімздің ішкі келбетінің дизайнына қатысты айтар болсақ, заманауи үрдістерді сыни көзқараспен зерделеп, аздаған уақыттан кейін жөндеу-құрылыс жүргізудің қыр-сырын меңгеріп, түркиялық терезе профилінің қытай профилінен немен өзгешеленеді және не себепті неміс профилін таңдаған жөн деген сұраққа оңай жауап береміз…

Бұл ретте, үйіміздің бетке ұстар бөлігі дәл осы терезе алды тақтайы болып табылатынын ұмытып кетеміз! Терезені сатып алғанда, терезе алды тақтайына ақшаңызды үнемдемеңіз! үйіңіздің жылуы, жайлылығы мен әдемілігі бұдан қымбат.

Естелік ұсақ-түйек бұйымдар көрмесі
Терезенің алдына әдемі тізілген шамдар, кәдесыйлар мен әсем интерьерлік заттар кеңістікке өзіндік сипат беріп, оның көрінісін құрады. Бөлмені жандандырып, оның иесін айқындап, үйде жайлы жағдай жасайды.