Негізгі / Kolekcja kolorów / Өндіріс технологиясы

Өндіріс технологиясы

DANKE терезе алды тақтайлары – бірнеше еуропалық елдердің кәсіпқой мамандарының ғылыми ынтымақтастығы мен бірлескен жұмысының нәтижесінде құрылған жоғары тұтынушылық сипаттамаларға ие инновациялық өнім.

Терезе алды тақтайының бірегей патенттелген құрылымы Германия мамандарының қатысуымен әзірленген. Кезектескен тік және еңіс қабырғалар майыстыру мен қысу сияқты ықпал кезінде деформациялануғ төзімділікті арттырады.

Қалыпқа келтірілген өндіріс технологиясы мінсіз тегіс тақтай жасауға мүмкіндік береді.

ПВХ жасалған бұйымдардың көпшілігіне қарағанда, DANKE терезе алды тақтайларының бетінде қаттылық қабырғаларынан тұтастырғыштар жоқ. Бұл жылтыр қабат жасаудың негізгі шарттарының бірі. 

Қабаттың өзі - DTS Systemoberflaechen GmbH неміс компаниясының инновациясы болып табылатын ELESGO HS GLANZ ерекше акрил ламинаты. Құрамындағы полиакрилаттарда еріткіштер де, формальдегид те жоқ. Өндірістің экологиялылғы мен энергия үнемділігі тұрғысынан, DTS технологиясына тең келер жоқ. ELESGO HS GLANZ материалының құрылымы «көпқабатты бәлішке» ұқсайды. Оның негізінде – мөлдір акрил сіңген қағаз. Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде электрондық-сәуле шоғырының ықпалымен бір-бірімен тығыздалып, қатаяды. Беткі қабаттың жабық құрылымы осылай құрылады. Ол жоғары температураларға (мысалы, тұтанған темекінің жылуына), ылғал мен химикаттарға тамаша төзімділігімен ерекшеленеді.

Қатайған полиакрилат жарық пен күн сәулелеріне сезімтал емес. Сондықтан, ELESGO беткі қабттары сыртта да қолдануға жарамды. Сонымен қатар, полиакрилаттарды пайдаланудың арқасында декорлардың ең ұсақ түс сәттерін жеткізуге болады. Қосымша артықшылығы – сипап-сезу мүмкіндігінде жатыр.  

Полиакрилаттардың төмен жылуөткізгіштігі ELESGO беткі қабаттарын жылы және сипап-сезу кезінде барқыттай жағымды етеді.

Сіз білесіз бе?

0
САПАЛЫ терезе алды тақтайын таңдаудың 8 себебі:

Үйреншікті болғаны соншалық, біз оны белгілі бір уақытқа дейін тіпті елемейміз… Көзге еленбейтіні соншалық, пердені ашпағанша ол туралы ойламаймыз да... Ыңғайлы болғаны соншалық, онсыз үйде елестету мүмкін емес... Терезе алды тақтайы интерьерде маңызды рөл ойнайды, сондықтан сапалы болуы тиіс.